17.06.2025, 10:45
Оқылды: 148

«Келешек мектептері»: Батыс Қазақстанда білім беру инфрақұрылымы жаңаруда

Қазақстандағы білім беру инфрақұрылымын жетілдіруге бағытталған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Батыс Қазақстан облысында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, Бәйтерек ауданында екі жаңа мектептің құрылысы белсенді түрде жүргізіліп жатыр.

8214fe6370b0f259c625ea9d5be96ef0_1280x720

Достық ауылында 1200 орындық ірі білім ордасының құрылысы қолға алынған. Бұл мектеп заманауи пәндік кабинеттермен жабдықталып, оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдайды қамтамасыз етеді.

Ал Байқоныс ауылында 300 орындық мектеп салынып жатыр. Бұл оқу орны ескі, апатты жағдайдағы мектептің орнын басып, жергілікті оқушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы оқу орнын ұсынады.

Құрылыс барысымен арнайы танысқан Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Мендіғалиев пен облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин жобалардың сапалы әрі мерзімінде аяқталуын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, Орал қаласының Жәңгір хан көшесінде 600 орындық тағы бір жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бұл жоба үш ауысымды білім беру мәселесін шешуге бағытталған және қаланың білім саласына жаңа серпін бермек.

06077ed8bf0ad1a1495b25feaab4050c_1280x720

Жалпы алғанда, аталмыш жобалар іске қосылған кезде аймақтағы білім беру инфрақұрылымының сапасы едәуір жақсарып, оқушылар үшін заманауи, қауіпсіз және жайлы орта қалыптасады. Бұл – болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына берілген нақты қолдау.

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале