31.08.2021, 10:19
Оқылды: 171

Келіндерге – орамал, сәбилерге – сыйлық

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ақ орамал» республикалық акциясы аясында БҚО ҚХА аналар кеңесінің ұйымдастыруымен көп балалы аналар жас келіндерге ақ орамал сыйлап, бата берді. 

4f3e23fb-e4d9-4ebb-b7d4-71a560d3f696

Қалалық азаматтық хал актілерінің тіркеу бөлімінде өткен салтанатты шарада БҚО ҚХА аналар кеңесінің төрайымы, танымал ұстаз Шалқыма Құрманалина және кеңестің өзге мүшелері ақ жаулықтың қазақ мәдениетінде, тұрмысы мен тарихында алар орны туралы айтып берді.

– Ақ орамал – әрбір келіншектің басына қонған бақ орамал болсын! Біздің елімізді, ерзаматтарымызды қадірлейтін жас келіндеріміз, аналарымыз көбейе берсін. Халқымыздың демографиялық ахуалын жақсартатын мейірімді, инабатты, ибалы, ақ орамал тартатын келіндеріміз көп болсын! – деп ақ тілегін арнаған  аналар кеңесінің өкілдері жаңадан некеге тұрған  жас келіндерге ақ орамал табыстады.

Дәл осындай шара қалалық көпбейінді аурухананың перзентханасында өтті. Аналар кеңесінің өкілдері сәбиін қолына алған жас аналарды құттықтап ақ орамал сыйлады. Ана үйінің директоры, аналар кеңесінің мүшесі З.Шканова жарық дүние есігін ашқан сәбилерге арнап сыйлықтар тарту етті.

 

Гүлжамал Жолдығали,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале