Кездесу Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының «БатысБілімTalks» жобасы аясында ұйымдастырылды. Айта кету керек, жобаның мақсаты - табысты адамдардың ой-пікірін тыңдауға бағытталған ашық алаң құру, тәжірибе алмасу.
Оралға арнайы келген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы басқарма төрайымының орынбасары Назипа Аюбаева жергілікті ұстаздармен «Кәсіби даму мақсатындағы мұғалімдердің серіктесті» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Кездесу барысында білім беру мақсатында табысқа жету үшін мұғалім қалай жұмыстану керек, неге мән беру керек деген мәселелер талқыланды.
Кембридж университетіндегі оқыған тəжірибесіне сүйеніп сөйлеген спикер жас ұрпақтың ойлауы мүлде басқаша, сондықтан білім беруде мұғалімге көп ізденіс, өз іс-əрекетіне зерттеу жүргізу қажет екенін баса айтты.
Сондай-ақ сессиядан кейін қатысушылар зияткерлік мектеп мұғалімдері мен «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы тренерлерінің мастер-кластарына қатысты.
Шеберлік сағаттарында «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында сабақты зерттеу үшін фокустық сұрақты қалай анықтауға болады?», «Топ құру және сабақты зерттеу тобында рөлдерді бөлу», «Сабақты зерттеу үдерісіндегі бірлескен бақылау техникалары» тақырыптарында ой-пікірлер айтылды.
Айта кетейік, спикер Назипа Алтынбекқызы Кембриджде докторлық қорғаған тұңғыш қазақ қызы екен.
zhaikpress.kz