23.05.2024, 9:15
Оқылды: 72

Кемел Ақышевтың туғанына 100 жыл

Археолог, тарих ғылымдарының докторы, қазақ археология ғылымының негізін қалаушылардың бірі Кемел Ақышевтың туғанына 100 жыл. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

8d76396b-0470-42f1-a1bf-b02ddaa7c1b9

Фото: t.me/madenietaqparat

1969 жылы Кемел Ақышев әлем жұртын таң қалдырды. Ғалым темір дәуірінен қалған сақ жауынгері «Алтын адамды» тауып, Қазақстан тарихын теңдесіз жәдігермен байытты.

Бұдан бөлек, ғалым Беғазы, Саңғыру сынды қола дәуірінің қорымдарын зерттеуге ат салысқан.

Археолог Қазақстанның солтүстігіне экспедиция жасап, 3 жылдың ішінде 600 археологиялық ескерткіш тапты. Қазба жұмыстары шамамен 200 нысанда жүргізілді. Соның нәтижесінде «Қазақстанның археологиялық картасы» атты кітап жарық көрді.

Осылайша, ғалым көне Қазақстан тарихының негізгі тұжырымдарын жасауға белсене қатысты. Орталық Азия өркениеті жүйесінде ежелгі Қазақстанның орнын айқындауға елеулі үлес қосты. Ол бізге белгілі 220-ға жуық ғылыми еңбек, соның ішінде 14 монография жазған.

Қазақстан археологиясының негізін қалап, мықты мектеп қалыптастырып кеткен археолог «Құрмет», «Жеңіс», «Парасат» ордендерімен марапатталды және оның есімі ҚР «Алтын құрмет» кітабына енгізілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале