15.03.2022, 17:00
Оқылды: 100

Кеңес отырысы өтті

«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ Батыс Қазақстан облыстық филиалының Кеңес отырысы өтті.

rekmnehf

​«Атамекен» өнер ордасы ғимаратында «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ Батыс Қазақстан облыстық филиалының Кеңес отырысы өткізілді.

Кеңеске БҚО мәдениет басқармасының басшысының орынбасары Мұқанғалиев Қуанышбек Жанболатұлы, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нығметуллин Жеңіс Махамбетұлы, БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқарманың бөлім басшысы Дастан Халелұлы, Салалық кәсіптік одақтың бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері мен БАҚ өкілдерінен құралған барлығы 30-тан астам адам қатысты. Күн тәртібінде 2021 жылдың қортындысы бойынша атқарылған жұмыстар;

2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісімге сәйкес Ұжымдық шарттарға өзерістер мен толықтыруларды енгізу мәселелері қаралды.

fdgdfg

Кеңес барысында Мәдениет саласы бойынша алда тұрған міндеттер мен кәсіподақ жұмысы барысында «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ Батыс Қазақстан филиалының төрағасы А.Батырханов баяндама жасады.

ger

«Батыс Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале