26.01.2024, 12:30
Оқылды: 44

Кенесары туралы пікір білдірген орыс ғалымы кім?

Патшалық отарлау тұсында қазақ ұлт-азаттық көтерілісін жазған және халық наразылығына шынайы пікір білдіргендер көп болмаса да, солардың қатарында ауызға алар адамның бірі - Александр Добросмылов еді.

 жп дала

Ол 1888-1901 жылдары Торғай облысында ветеринария қызметінде жүріп, тарихпен айналысып сол кездегі қазақ халқының тарихы мен этнографиясына ерекше қызығушылық білдіреді.

Әсіресе Кіші және Орта жүз қазақтарының тарихына қатысты құжаттар мен материалдарды жинап, қазақтың көшпелі шаруашылығы, этнографиясы мен тарихы, тұрмысы, әдет-ғұрыптары, рулық құрылысы туралы бірқатар мақала жариялайды.

Соның ішінде оның «Тургайская область, Исторический очерк» атты күрделі еңбегінде бір тарау түгелімен патшалық Ресейге қарсы ең ірі халықтық қозғалыстардың бірі ретінде енген Кенесары Қасымовтың көтерілісіне арналады.

Ғалым: «Сұлтан Кенесары Қасымов, Қасым Абылаевтың баласы. Ол өте қайратты, батыл мінезді адам, оның үстіне, асқан ақылдың иесі» деп баға береді.

Осылайша патшалық саясаттың өзінде Кенесары Қасымовты қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушы ретінде қарастырып, Кенесарыны ұлтының хас батырына теңейді.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Дереккөз: «Қазақтар», Энциклопедиялық анықтамалық, А, 2003 жыл

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале