7.09.2022, 10:16
Оқылды: 60

Кентауда дүкендегі жанжал кісі өліміне алып келді

Кентауда дүкендегі жастар арасындағы жанжал кісі өлімімен аяқталды. Күдікті қарсыласын пышақтап өлтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1

Полицияға Кентауда құрылысы аяқталмаған нысан аумағынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат кешкі 21:00-де түскен. Көп ұзамай жәбірленушінің Кентау қаласының тұрғыны екені белгілі болды. Бұл деректі полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша тіркелген.

Криминалдық полиция іздеу шараларының нәтижесінде бір тәуліктен кейін күдіктіні Алматы қаласынан ұстады. Ол бұрын тонау үшін сотталған Кентау қаласының тұрғыны болып шықты. Ер адам полиция бөліміне жеткізілді.

"Екі ер адам дүкен есігінен кірер сәтте иық тіресіп, артынан сол үшін сөзге келіп қалған. Содан жәбірленуші оқиға орнынан шығып кетіп, бірер минуттардан соң аталған дүкенге Rаnge Rover көлігімен қайта келіп, күдіктімен дауды шешпек болады. Одан әрі жанжал Кентау қаласына кіреберіс маңындағы аяқталмаған нысан аумағында жалғасқан. Онда екі ер адам төбелесіп, соңында күдікті жәбірленушіні пышақтап, қылмыс орнынан қашып кеткен.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Заттай дәлел ретінде пышақ алынды. Күдікті қамауда. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале