24.03.2023, 15:00
Оқылды: 39

Кентаулық оқушы қара жорға билейтін робот жасады

Кентау қаласындағы №23 орта мектептің бесінші сынып оқушысы Аружан Смайл Оқушылар сарайындағы робототехника үйірмесіне қатысады. Жас өнертапқыш Ақниет тәлімгері Елемесованың жетекшілігімен биші құлтемір жасады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. 

msg-1309508988-5592

«Басты мақсатымыз – «Арқан тарту», «Көкпар», « Теңге алу» секілді қазақтың ұлттық ойындарын техникалық саламен ұштастыру және өскелең ұрпақтың қызығушылығын арттыру, оларға жол ашу»,– дейді Ақниет Елемесова.

Аружанның айтуынша, үйірмеге алғаш қатысқаннан кейін робототехникаға деген қызығушылық артқан. Ол ұлттық дәстүрлерді насихаттауға бағытталған жоба жасағысы келіп, ойын жүзеге асырды.

«Қара жорға» билейтін ерекше роботты ол Наурыз мерекесінде көпшілікке көрсетті. Аружан робототехникада ғана емес, жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндерден де озат оқушы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале