Кентау қаласындағы №23 орта мектептің бесінші сынып оқушысы Аружан Смайл Оқушылар сарайындағы робототехника үйірмесіне қатысады. Жас өнертапқыш Ақниет тәлімгері Елемесованың жетекшілігімен биші құлтемір жасады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
«Басты мақсатымыз – «Арқан тарту», «Көкпар», « Теңге алу» секілді қазақтың ұлттық ойындарын техникалық саламен ұштастыру және өскелең ұрпақтың қызығушылығын арттыру, оларға жол ашу»,– дейді Ақниет Елемесова.
Аружанның айтуынша, үйірмеге алғаш қатысқаннан кейін робототехникаға деген қызығушылық артқан. Ол ұлттық дәстүрлерді насихаттауға бағытталған жоба жасағысы келіп, ойын жүзеге асырды.
«Қара жорға» билейтін ерекше роботты ол Наурыз мерекесінде көпшілікке көрсетті. Аружан робототехникада ғана емес, жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндерден де озат оқушы.
12:002.06.2023
Жеті өңір мектеп автобустарымен 100% қамтылған
14:4629.05.2023
Петропавлдық ұстаз Қазақстан тарихы бойынша мобильді қосымша жасап шығарды
17:1626.05.2023
Абай облысының оқушысы қой шаруашылығын автоматтандыру жобасын әзірледі
13:0018.05.2023
25 ауылдық мектеп Microsoft «Office 365 education» цифрлық платформасын қолданады
2.06.2023, 12:00
26.05.2023, 17:16