Діни аңыздарда алғаш дүниеге келген балаларына Адам ата мен Хауа ана есім қоярда таласып қалған деседі.
Фото: pixabay.com
Олардың ұрыс-керісін естіген Тәңірі, қатты ренжіп дүниеге келген ұлдарын кептерге айналдырып жібереді.
- Ұлдарыңды кептерге айналдырдым. Енді екеуіңе де бұйырмайды, сендердің ұрыстарыңды естігенше көкте қалықтап емін-еркін жүрсін, - дейді Тәңір.
Өздерінің қателігін түсінген Адам ата мен Хауа ана қайта татуласып, ешқашан ұрыс-керіске жоламауға ант беріседі.
Осылайша кептер содан бері татулық пен бейбітшіліктің белгісі болып адамзат тарихында мәңгі қалған екен.
Зұлқожа Шарафутдинов,
zhaikpress.kz
(«Салт-дәстүр сөйлейді». Хрестоматиялық анықтамалық. А. 2017 жыл)