29.11.2021, 12:20
Оқылды: 56

Кез келген мөлшерде алкоголь ішу қатерлі ісік қаупін арттырады - ДДҰ

Бүгінде сүт безі қатерлі ісігі - Қазақстанда және бүкіл әлемде әйелдер арасында кең таралған онкологиялық аурулардың бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен осы жылдың қазан айы сүт безі қатерлі ісігі туралы хабар беретін ай болып таңдалды. ДДҰ-ның Қазақстандағы кеңсесінде сүт безі қатерлі ісігінің даму қаупінің негізгі факторларының бірі алкогольді тұтыну екені атап өтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

8

Алкоголь ішу қатерлі ісіктің кем дегенде жеті түріне әкелуі мүмкін: ауыз қуысының қатерлі ісігі, өңеш қатерлі ісігі, көмей қатерлі ісігі, бауыр қатерлі ісігі, тоқ ішек қатерлі ісігі және сүт безі қатерлі ісігі.
Сарапшылар алкогольдің кез келген мөлшерін ішу қатерлі ісік ауруының қаупін арттыратынын атап өтті. Егер сүт безі қатерлі ісігіне тоқталар болсақ, тіпті күніне бір стақан шарап әйелдерде сүт безі қатерлі ісігінің даму қаупін арттыруы мүмкін.
Ішімдікті азайту немесе алкогольден толық бас тарту қатерлі ісік ауруының қаупін азайтуға көмектеседі.
«Алкогольдің кез келген түрі қатерлі ісік қаупін арттырады. Себебі, спирттің адам денсаулығына зияны орасан. Кейбір ішімдік сусындарында спирттің проценті жоғары, ал кейбір сыра түрлерінде спирт көп екенін ұмытпау керек», - делінген Халықаралық қатерлі ісікті зерттеу агенттігінің сайтында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале