26.12.2023, 9:30
Оқылды: 53

Кибер-шериф: облыста 200-ге жуық жылдамдық асыру фактісі анықталған

Бұл туралы БҚО Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Олжас Ибрайымов айтты.

кибер-шериф

– Осы жылдың 13 желтоқсанынан бастап кибер-шериф жүйесі іске қосылды. Бүгінгі таңда 200-ге жуық жылдамдық асыру фактісі анықталды. Бұл құрылғы бастысы авариялық қаупі үлкен деген трассаларға қойылды. Қазіргі таңда екі кибер-шериф Атырау-Орал тасжолы бойында жүр. Бірақ олар үнемі ол жолда жүрмейді. Біз ауыстырып басқа да қауіпті жолдарға шығарамыз. Бұдан бөлек бұрыннан жолда жұмыс істеп тұрған «Арқан» жылдамдық өлшеуші құралы бар. Адамдар арасында неге мұндай құрылғыларды көбейтіп жатыр деген заңды сұрақ туындап отыр. Біз тіркелген жол апаттарына жүргізген талдау нәтижелерінен байқағанымыз жол апаттары жылдамдықты артық асырғаннан болады. Сондықтан жолдағы жылдамдықты бақылауды күшейтуді көздеп отырмыз, - дейді Олжас Ибрайымов.

– Біздің мақсат – халықты айыппұлмен қанау емес. Жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Адамдардың қалтасына айыппұл салмақ салады. Содан кейін әр адам ойланар деген үмітіміз бар. Кибер-шериф шыққалы Атырау-Орал тасжолында жол бұзу ережесі кәдімгідей азайды. Біз азаматтардың қауіпсіздігі үшін осындай қадамға барып отырмыз, - деді Олжас Әзімбекұлы.

Кибер-шериф жүйесі – 360 градусқа бұрылатын камерасы бар 300 метрге дейінгі қашықтықтан жұмыс істей алатын құрылғы. Ол жылдамдықты асырған көлікті, жүргізуші куәлігі жоқ жүргізушіні анықтайды, айыппұлы бар, техникалық байқаудан өтпеген, сақтандыруы жоқ көліктерді дереу тіркеп отырады.

Жанат Көшкінбай
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале