2.03.2022, 16:20
Оқылды: 37

Киевтегі телемұнараға тиген зымыран соққысы Қазақстан елшілігі маңында болды - елші

Киевтегі телемұнараға тиген зымыран соққысы Қазақстанның Украинадағы елшілігінен 800 метр жерде болған. Бұл туралы Қазақстанның Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі Дархан Кәлетаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

IMG-20220302-WA0043

"Түнде елшіліктен 800 метр қашықта телемұнара маңында жарылыс болды. Қазір оны барлық жерден көрсетіп жатыр. Лукьяновка ауданы бізге жақын орналасқан, түні бойы атыс дауысы естілді. Азаматтар жертөледе болды. Қазақстандықтар арасында зардап шеккендер жоқ", - деді елші.

Қазақстанның Киевтегі елшілігінің қауіпсіздігі туралы сұраққа Кәлетаев дипломаттарды Украина Ұлттық ұланынан үш адам қорғайтынын айтты.

"Менің ойымша, елшілікке ешкім тиіспейді. Ең бастысы, снаряд түспесе болды", - деді елші.

Дархан Кәлетаев төтенше жағдай кезінде Қазақстан елшілігін эвакуациялауға қатысты мәселе қарастырылмайтынын айтты.

"Қазір кетіп қалсақ, Отанына оралып үлгермеген қазақстандықтар не істеу керек? Қазір, мысалы, автобус кетуіне бір сағат қалғанда, адамдар қоңырау шалып, не істеу керек екенін сұрайды. Өйткені адамдар түрлі жерде жүр. Көптеген адам Киевте бізге жете алмай отыр. Біз кетіп қалсақ, олар не істейді?", - деп мәлімдеді ол.

Сондай-ақ, елші Украинаның Сумы қаласындағы қазақстандық студент Денис Терновке қатысты жағдайды айтты. Кәлетаевтың айтуынша, дипломаттар оны жергілікті отбасылардың біріне орналастырған.

"Қазақстанның белсенділері, бастамашыл топтары қазір Денисті Отанға жеткізудің түрлі жолдарын іздестіріп жатыр. Тіпті Халықаралық ұйымдарға жүгініп жатыр. Қазір бұл өте қауіпті екенін айтқым келеді. Атыс болып жатыр. Ол қауіпсіз, жақсы отбасында. Олармен байланыстамыз", - деп түйіндеді елші.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале