2.11.2023, 14:30
Оқылды: 45

Киік еті шетелге экспорттала ма?

Сауда және интеграциялар министрі Арман Шаққалиев журналистердің киік етін шетелге экспорттау жұмысы туралы сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

ЖПК

Фото: Қайырбек Сариев

«Қазіргі уақытта біздің министрлікте киік етін шет елдерге сату жоспары жоқ. Тіпті ішкі нарықта, базарларымызда киік етін ешқайсымыз көрген жоқпыз. Астана маңайында бір көлік ет тиеген адамның ұсталғаны туралы ақпарат болды. Ол заңсыз жұмыс істеген. Қазір біздің құзырет бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі киік етінен консерві, субөнім жасауға стандарт жасауды сұрап отыр. Сол стандарттау жағынан жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деді министр елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, киік етіне қатысты нақты стандарт болса, сертификат, декларация, тексеру жұмыстары жолға қойылады.

«Бұл сұранысқа да байланысты. Қай елден (киік етіне – ред.) сұраныс болса, сол елге сауда жағынан ұйымдастыруға көмек көрсетеміз. Ең бастысы, техникалық реттеу мен қауіпсіздік және сапа талаптарына сай болуы керек», - деді А. Шаққалиев.

Бұған дейін Экология және табиғи ресурстар министрлігі киіктерді атуға рұқсат берілген аймақтарды атаған еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале