16.07.2021, 9:55
Оқылды: 364

Киік мүйізімен ұсталды

Облыс полицейлері көліктің астыңғы бөлігіне жасырылған ақбөкеннің 1000-нан астам мүйізін тәркіледі.

киик муйизи6

– БҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Орал қаласы арқылы ақбөкен мүйізінің үлкен партиясын тасымалдау жоспарланғанын анықтады. БҚО Патрульдік полиция батальоны мен жедел әрекет ету тобы қауырт қимылдап, облыс орталығындағы Конкин көшесінде «МАЗ» аутокөлігін тізгіндеген 1979 жылғы С. есімді азаматты тоқтатты. Көлікті тінту кезінде 1178 дана киіктің мүйізін тапты, – деді БҚО ПД бастығы, полиция генерал-майоры Махсудхан Аблазимов.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 339-бабы (сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларды, олардың бөліктері мен дериваттарын заңсыз пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айна Имашева,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале