1.11.2023, 12:45
Оқылды: 40

Киіктердің мүйізі ел ішінде сатыла ма немесе экспортқа жіберіле ме? Министрлік жауап берді

Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Киіктің мүйізі ел ішінде сатыла ме әлде экспортқа жіберіле ме?» деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ЖПК

Бұған дейін жауапты министрлік өкілі киіктер саны кораль сеткалары арқылы реттелетінін айтқан еді. Сонымен қатар Орал популяциясының киіктері Батыс Қазақстан облысында, ал Бетпақдала популяциясы бойынша киіктер Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарында ауланатыны хабарланды.

Ал ауланған киіктердің мүйізі арнайы орында 2025 жылға дейін сақталады екен.

"Ақбөкендер популяциясын реттеу нәтижесінде алынған ақбөкендердің мүйіздері сақтау үшін "Охотзоопром" РМҚК мамандандырылған ұйымының бас кеңсесіне жіберіледі. Қазір ақбөкендерді, оның ішінде мүйіздерді коммерциялық пайдалануға халықаралық нарықта нөлдік квота белгіленді, демек, тыйым салынған. Халықаралық сарапшылардың ұсынымдарына сәйкес министрлік ақбөкендерге республикадан тыс жерлерде оларды іске асыру мақсатында квота алу үшін қажет құжаттарды дайындап, CITES хатшылығының қарауына жолдайды. CITES конвенцияларының келесі сессиясы 2025 жылы өткізіледі", - делінген министрлік жауабында.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале