18.07.2022, 12:45
Оқылды: 31

Кімнің дәті барды екен?..

Бүгін Теректі ауданы, Богдановка ауылдық округі «Родина» ЖШС аумағында 2405 дана рулон қысқы мал азығына дайындалған шөп өртеніп жатқандығы туралы хабарлама түсті.
3ACCE37D-F409-4958-9774-5B8D3F6B052C

Өрт орнына БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің 1 техникасы мен жеке құрамынан 4 адам жұмылдырылды. Сонымен қатар ЕӨСҚ 10 адам, 3 трактор және 1 су құйғыш техникасы тартылды. Өрттің салдарынан 6 скірд, оның ішінде 2 жабық (навес) отқа оранды. Скірдтің айналасына минералды жолақ жүргізілген, ара қашыктығы 50-60 метрді құрайды. Өрт 07 сағат 22 минутта оқшауланды. Өрттің себебі - қасақана өрт қою.

A7992C2C-66EC-456B-AF9C-D86073ACF34F
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары!

Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін тағы да еске саламыз. Есіңізде болсын, отты дұрыс пайдаланбау адам өліміне және материалдық шығындарға әкеледі. Өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуына кінәлі адамдар бұзушылықтардың сипаты мен олардың салдарларына қарай әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

БҚО ТЖД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале