20.05.2021, 23:15
Оқылды: 194

«Кітап-сағат»

Өзім 26 жылдан бері қызмет істейтін Орал қаласындағы 45 мектеп былтырғы мамыр айында күрделі жөндеуге жабылып, өткен жылғы желтоқсанда қайтадан пайдалануға берілді. Жөндеуден кейін ерекше жаңарып-жаңғырған мектебімізде бүгіндері 582 оқушы білім алуда. Әріптестерім мен ата-аналарға қоса, алтын ұяларының кірсе-шыққысыз кейіпке енгендігіне шәкірттеріміз де өте қуанышты.

ж1

Әсіресе, көрген кісіге мектеп кітапханасына таяу ілінген «кітап-сағат» ерекше әсер қалдырады. Бұл идеяның жүзеге асуына мектеп директоры Ләззат Сағынғалиева, директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар бойынша орынбасары Гүлмира Оңайбекова және кітапханашы Лаура Қабиева ұйытқы болды. Аталмыш сағаттың ерекшелігі – циферблаттағы әр санның орнына Ғұмар Қараш, Хамза Есенжанов, Жұбан Молдағалиев, Тайыр Жароков, Қадыр Мырза Әли, Ақұштап Бақтыгереева, Жанғали Нәбиуллин сынды әдебиет әлеміне Ақ Жайық атырабынан қанаттанған қаламгерлердің кітаптарының мұқабасы орнатылған. Кітап-сағатты көрген үлкен-кіші көз тоқтатпай өтпейтіндіктен, мен мұны көркем әдебиетті насихаттаудың әдемі әдісі, тың тәсілі ретінде  қабылдадым.

 

Қанзия Нетәлиева,

45 мектептің бастауыш сынып мұғалімі,

деңгейлік мұғалімдер қоғамдастығының жетекшісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале