22.10.2021, 16:16
Оқылды: 493

Кітапхана мерейтойына арналған конференция өтті

Кеше және бүгін Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 150 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан: әлеуметтік және мәдени кеңістіктегі кітапханалардың орны» халықаралық конференция өтті.

WhatsApp Image 2021-10-21 at 16.09.35

«Атамекен» өнер ордасында өткен іс-шараға Нұрсұлтан қаласынан ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, Алматы қаласынан ҚР Ұлттық кітапханасы  және еліміздің барлық облыстардың кітапханалары директорлары қатысты.

WhatsApp Image 2021-10-21 at 16.09.46

Конференцияның беташарында облыс әкімі Ғали Есқалиев жиынға қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі.  Сондай-ақ Беларусь Ұлттық кітапханасы бас директоры Оксана Книжникова, Башқұртстан Республикасының Ахмет-Заки Валиди атындағы Ұлттық кітапхана директорының  міндетін атқарушы Марат Зулькарнаев онлайн тәсілінде Орал қаласындағы кітапханашылар конференциясының ашылуымен құттықтады. Конференцияда ҚР Ұлттық академиялық кітапхана директоры Үмітхан Мұңалбаева «Қазақстан Республикасының кітапханалық саясаты: келешегі мен басымды бағыттары», Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасы директоры Бақытжамал Оспанова «Чтение-как необходимый инструмент духовного и интелектуального прорыва нации», Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Шолпан Оразаева «Облыстық кітапхананың тарихи белестері мен заманауи келбеті», М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің «Рухани жаңғыру» институтының директоры Абай Қыдыршаев «Жұбан кітапханасы: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы қарымды қадамдары және көркем шығарма оқу мәселесі»  тақырыбында баяндамалар жасады. Жиында сондай-ақ Орынбор, Саратов облыстық кітапханаларының және еліміздегі облыстық кітапханалардың директорлары кітапханалар қызметінің мән-маңызы жайында сөзіне сүйеніш етті. Конференция барысында облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың мерейтойына арналып, «Ақжайық қаламгерлері» атты ашық сұхбат алаңы болды. Онда Ақжайық өңірінің ақын-жазушылары бүгінгі әдебиеттің жай-күйі, кітап оқу, кітапхананың қадір-қасиеті және тағы да кітап, кітапхана мәселелері хақында ой қозғап, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Сондай-ақ облыстық ғылыми әмбебап кітапханада «Облыстық кітапхана Тәуелсіздік жылдарында» атты жинақтың тұсаукесері болды.

WhatsApp Image 2021-10-21 at 16.09.36

Салтанатты іс-шарада облыс кітапханашыларының және кітапхана ісі белсенділерінің үлкен бір тобы ҚР мәдениет және спорт министрінің, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының алғыс хаттарымен, ҚР Ұлттық кітапханасынан «Қазақстанның құрметті кітапханашысы», «Кітапхана ісінің үздігі», «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгілерімен марапатталды.

WhatsApp Image 2021-10-21 at 16.09.48

Конференция жұмысы бүгін «Қазақстан кітапханаларындағы өзекті мәселелер және олардың даму перспективалары» тақырыбындағы дөңгелек үстелге жалғасты.

WhatsApp Image 2021-10-21 at 16.09.52

Жиын барысында оқырманның кітапханаға келуі, кітапхана мен оқырманның байланысы, электронды кітапхана қорын толықтыру, ауылдық жерлердегі кітапханалардағы технология мәселелері тағы да басқа шешімін тапқан және шешімін күткен жайттар айтылды.

(Кітапхананың мерейтойы туралы мақаланың толық нұсқасын облыстық «Орал өңірі» газетінің кезекті санынан оқи аласыздар)

Мұғалім Өтей,

"Орал өңірі"

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале