23.04.2024, 9:32
Оқылды: 51

ҚМА гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген қаражаттың жұмсалуын тексереді

Қаржылық мониторинг агенттігі гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген  қаражаттың жұмсалуын тексереді. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

IMG_20240423_092327_948

Фото: t.me/afm_rk/

ҚМА төрағасы Дмитрий Малахов арнайы тапсырма берді.

Ол бөлінген ақшаның қайда кеткенін сапалы тексеру мен бағалауды қамтамасыз ету қажеттігін айтып өтті.

- Агенттіктің аумақтық департаменттерінің басшыларым емлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілерінің қызметіне араласпай, бөгеттер, су бұру объектілерін салу, сондай-ақ өзен арналарын тереңдету үшін ақшаны ұтымды пайдалануды зерделеуі қажет, - деп тапсырды Д.Малахов.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет, квазимемлекеттік компаниялар, кәсіпкерлер, қоғамдық қорлар 140 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.

ҚМА басшысы су тасқыны салдарын жою үшін бөлінген ақшаны мақсатты пайдалану мен көмек зардап шеккен барлық азаматқа нақты жетуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Осылайша қаржылық мониторинг органдары Алматы қаласында, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарында жымқыру белгілері бойынша төрт іс қозғады.

5 адам күдікті деп танылды. Залалдың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асты.

Сонымен қатар алдын алу жұмысы зардап шеккендерге көмектесу үшін ақша жинауды жариялайтын алаяқтарға қарсы тұруға бағытталады.

Бағаның өсуіне жол бермеуге ерекше назар аудару тапсырылды.

Ол үшін азық-түлік, ауыз су, дәрі-дәрмек және басқа да қажетті заттар бағасының мониторингі жалғасады.

Агенттік сонымен қатар құрылыс материалдарының бағасымен алыпсатарлық тәуекелдерін алдын алу қызметін де жандандырады.

Анықталған фактілермен күрес аналитикалық құралдарды пайдаланып жүргізеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале