2.04.2025, 11:30
Оқылды: 176

БҚО-да Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай көше тарихына қатысты бейнеролик байқауына өтінім беру басталды

Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Көше тарихы – ел тарихы» облыстық акциясы өтеді. Бұл туралы  аталмыш басқарма ұжымы хабарлады.

стелла жп дрон

Акцияның мақсаты – Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен Кеңес Одағы батырларының есімдері берілген көше атауларының тарихын және тұлғаның ерлік істерін насихаттау.

Акцияға Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен Кеңес Одағы батырларының есімдері берілген көшеде тұратын, мемлекеттік тілді меңгерген, 18 жасқа толған, ауыл мен қалада да тұратын өңір тұрғындары қатыса алады. Акцияға қатысушылар көше атауының тарихи-танымдық сипатын бейнетаныстырылым арқылы ұсынуы (ұзақтығы – 1,5 минуттан аспауы тиіс) қажет.

Акцияға қойылатын талаптар:

Бейнетаныстырылымда төмендегідей материалдар қамтылуы керек:  

  • Анкеталық мәліметтер (қатысушының өзі туралы ақпарат: құжат бойынша аты-жөні, тұрғылықты мекен-жайы, байланыс телефоны, т.б) толтырылып, тапсырылуы тиіс.

«Көше тарихы – ел тарихы» бейне таныстырылымында қатысушылар өзінің көшесінің атауын, ол көшедегі өзіне таныс жайларды бейнероликке сапалы түрде түсіруі қажет.

- Көшесінің атауы және оның тарихына тоқталуы тиіс;

- Тұратын көшесінде ірі құрылыс нысандары, танымал тұлғалар, құрмет тақталары, тағы да басқа маңызды мәліметтер болса, тоқталып өтуге болады.

Акцияға қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпазды, жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады.

Қазылар алқасының құрамын басқарма анықтайды.

Қазылар алқасының құрамы тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешеді.

Қазылар алқасы шешім шығару барысында төмендегідей талаптарды басшылыққа алады:

1) Тақырыпты ашып, жан-жақты жеткізе алуы;

2) Жарияланған бейнероликтің сапасы;

3) Уақытқа қойылған талаптың сақталуы;

Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделеді және оған қазылар алқасының барлық мүшесі қол қояды.

Акция 2025 жылдың 2 сәуір – 25 сәуір күндері жүргізіледі. Акцияның жеңімпаздары туралы ақпарат қорытынды шыққаннан кейін 15 жұмыс күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының интернет-ресурстарында орналыстырылады.

Акция жеңімпазы мен жүлдегерлері арнайы дипломдар, алғысхаттар,  және Басқарма бекіткен жүлде қоры мөлшерінде бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Акцияға қатысушылардың өтінімдері 2025 жылдың 25 сәуіріне дейін aidarbek_akbulat@mail.ru  электрондық поштасына қабылданады.

Байланыс телефоны: 50-06-17, 8775 236 36 82, 8702 239 75 93.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале