26.01.2017, 15:34
Оқылды: 60

Қобызшы Айгүл Аужанованың жеке концерті өтті

Konir kobiz  Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филормонияның 50 жылдығына орай белгілі қобызшы Айгүл Аужанованың «Қоңыр Қобыз» атты жеке  концертті өтті. Айгүл Аужанова бүгінде халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, Қарағанды облыстық Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігі Тәттімбет атындағы академиялық оркестрінің концертмейстрі.


  Сахна шымылдығы Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестірінің орындауындағы Құрманғазының «Серпер» күйімен ашылды. Одан әрмен қобызшы жеке орындауда Ахмет Жұбановтың «Ариясын», Ғазиза Жұбанованың «Мерекелік күйін», Еркін Нұрымбетовтың «Ақеркемімен» қатар, шетелдік  «Хаванез» (Камиль Сен-Санс) және «Испанский танец» (Мануэлб де Фалья) шығармаларын ерекше нақышта орындады. Сондай-ақ өнер кешінде жаңа туындылардың тұсауы кесіліп, кейбір шығармалар көпшілікке алғаш рет жол тартты. Олардың ішінде Қорқыттың «Қобызы», Тәттімбеттің «Сары жайлауы», Нағым Меңдығалиевтың «Романсы», Арман Жайымның «Қобызға арналған үш бөлімді концертін» сәтті орындап қоймай,  Евгений Брусиловскийдің «Бозайғыр» сюитасынан Скерцо, Зекинья де Абреудің «Тико-тикосын» алып шықты. Сонымен қатар, концертте Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филормонияның әншілері қобызшыға қолдау көрсетіп, ән шырқады. Күй кеші атындағы қазақ халық аспаптары оркестірінің орындауындағы орындауындағы Құрманғазының «Сарыарқасымен» жабылды.

Ләззат Шағатай

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале