Сенбілік басталды
25 Наурыз 2023

Сенбілік басталды

Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы БҚО мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындыларын жария етті
24 Наурыз 2023

Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы БҚО мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындыларын жария етті

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындылары шықты
24 Наурыз 2023

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындылары шықты

Батысқазақстандық Бекнұр Серіков теңге ілуден Азия кубогінің чемпионы атанды
24 Наурыз 2023

Батысқазақстандық Бекнұр Серіков теңге ілуден Азия кубогінің чемпионы атанды

«IQanat» олимпиадасының облыстық кезеңі өтіп жатыр
24 Наурыз 2023

«IQanat» олимпиадасының облыстық кезеңі өтіп жатыр

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады
23 Наурыз 2023

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

26.07.2021, 23:26
Оқылды: 217
Қойнауы құт Қаратөбе өрелі өзгерістер қарсаңында

Біз  ежелден  мал  өсірумен  айналысып,  оны  атакәсібімізге  айналдыра  білген    «Мал-жандарың  аман  ба?»  деп  жанның  амандығынан  бұрын  малдың  амандығын  алға  сала  сөйлеген  халықтың  ұрпағымыз.  Бүкіл  тыныс-тіршілігі  малмен  байланысты  болғандықтан  да,  ата-бабаларымыз  осындай  амандық-саулық  сұрасу  салтын  орнықтырған.  Мал  шаруашылығын  дамыту  – қазіргі  күні  де  ел  экономикасының  басым-бағыттарының  бірі. 

IMG_7189

Соның ішінде ет  экспортының әлеуетін көтеру ісінде облысымыз республика өңірлері арасында алдыңғы орындардың бірінде екені де атап айтуға тұрарлық мәселе. Осындай ортақ мақсатқа сүбелі үлесін қосып отырған аймақтың бірі – қойнауы құт Қаратөбе ауданы деуге әбден болады. Аталған өңір аумағы, әсіресе, жайылымдық мал шаруашылығын өркендетуге өте қолайлы екенін журналистік іссапар барысында тереңірек сезінгендей күй кештік.

Кең  далада емін-еркін жайылып, алуан түрлі шөптер мен өсімдіктерді өздері таңдап жейтін төрт түліктің өнімдері арнайы мал бордақылайтын кешенде ұсталған малмен салыстырғанда әлдеқайда сапалы  әрі дәмді болатыны ғылыми түрде дәлелденген. Мал өсіруге қажетті басты фактордың бірі – жем-шөп базасын жасақтау және су көздері десек, биыл бұл мәселелерді реттеу ісінде де өміршең қағидалар қолға алына бастапты.

Соның бірі мал қыстатуға жеткілікті жем-шөп қорын әзірлеу, бір рулон шөптің бағасын 3,5 мың теңгеден асырмау және шөп шабатын  бригадалар өзге шаруа қожалықтарына, жеке сектор иегерлеріне қолжетімді бағамен ұсынуын қамтамасыз ету болып отыр. Ал малды суару мәселесіне келсек, аудандағы 270-ке тарта шаруа қожалығының дені терең қазылған құдықтардың суын пайдаланатынын, мұндағы мол су қоры мал суаруға емін-еркін жететінін айта кеткеніміз жөн. Аудандағы мал өсірумен шұғылданатын шаруалардың бірқатары Қалдығайты өзенінің бойында орналасқан екен. Оның суы тұщы әрі таза екеніне көз жеткіздік. Осындай ашық су көздерінен шөлін қандыратын малдың күйі мен қоңы төмен бола қоймайтыны кәміл.

Сырымбек Жәрдемұлы,

Темір Құсайын,

Мақаланың толық нұсқасын облыстық «Орал өңірі» газетінің 27 шілдедегі  №60 санынан оқи аласыздар.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале