12.09.2022, 9:30
Оқылды: 51

«Көкөніс қоймасын көбейтуге көңіл бөлеміз»

Облыс әкімі Ғали Есқалиев агроөнеркәсіп саласындағы шаруашылық иелерімен кездесті. Кеңес отырысында БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Наурызбай Қарағойшин егін ору науқанының барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, биыл дәнді дақылдар 203,2 мың га алқапқа егіліп, жоспар 95,1%-ға (213,7 мың га), майлы дақылдар 185,7 мың гектарға егіліп, жоспар 147,3%-ға орындалды (126,0 мың га). Яғни тиімділігі жоғары майлы дақылдардың алқабы артып отыр.

1

Облыс бойынша 202 мың га дәнді дақылдар алқабының 182 мың гектары орылып, 16,2 ц/га орташа өнімділікпен 295,5 мың тонна астық алынды. Жедел ақпаратқа сәйкес майлы дақылдар алқабының 11 мың гектары орылып, 8,3 ц/га орташа өнімділікпен 9,4 мың тонна өнім алынды. Өңірде жалпы сыйымдылығы 504,8 мың тоннаны құрайтын лицензияланған 7 астық қабылдау кәсіпорны бар (қоймалық – 191,4 мың тонна, элеваторлық – 313,4 мың тонна). Бүгінгі таңда бұл кәсіпорындарда 215,6 мың тонна астық сақталған. Оның ішінде 45,3 мың тоннасы – арпа, 170,3 мың тоннасы – бидай. Бидайдың 76,6 мың тоннасы 3-сыныпты бидай болса, 93,7 мың тоннасы – 5-сыныпты бидай. Биыл картоп және көкөніс-бақша дақылдары түгелімен 9 430 гектар жерге отырғызылды. Қазіргі кезде 738 га (18%) алқаптан 9,9 мың тонна картоп өнімі, одан бөлек 32,2 мың тонна көкөніс (54%) және бақша дақылдарының 63%-ы жиналып, 20,7 мың тонна қауын-қарбыз өнімі алынды. Өңірде жиналған өнімдерді күзгі-қысқы мезгілдерде тұтыну үшін сапалы сақтауға арналған жалпы сыйымдылығы 51,8 мың тоннаны құрайтын 52 көкөніс қоймасы бар. Оның ішінде 35,9 мың тонналық қоймалар желдеткішпен және 14,0 мың тонналық қоймалар тоңазытқышпен жабдықталған. 2025 жылға дейін облыстың 9 кәсіпорны жалпы сыйым­дылығы 29,1 мың тонна болатын 10 заманауи көкөніс қоймасын салуды көздеп отыр. Құрылыс қорытындысы бойынша 2025 жылға қарай көкөніс қоймаларының жалпы сыйымдылығы 80,9 мың тоннаны құрап, қоймаға көкөніс сақтау көрсеткіші 124,5%-ға  ұлғаяды.

Биыл жалпы сыйымдылығы 7 мың тонналық 2 көкөніс сақтау қоймасының құрылысы аяқталды. Биыл ауа райының қолайлы болуы және агротехникалық шаралардың арқасында дәнді дақылдар бойынша әр гектардан 16 центнер астық жиналуда. Сәйкесінше, жалпы өнім де жоғары. Бұл – соңғы бес жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Ғылыми негізделген нормаға сәйкес облыстың егіс алқабына 57 мың тонна тыңайтқыш енгізу қажет. Алайда облыс шаруашылықтары жылма-жыл тек 3,5-4,5 мың тонна тыңайтқышты немесе 6-8%-ын ғана себуде. Оның басым бөлігін картоп, көкөніс-бақша егетін шаруашылықтар пайдаланады. Дәнді және майлы дақылдар өсіретін шаруашылықтардың ішінде тыңайтқыш пайдаланатындары мардымсыз. Атап көрсетсек, биыл «АгроСервис-Батыс» ЖШС, «Авангард» ЖШС, «Матевосян» ШҚ секілді жылма-жыл тыңайтқыш қолданатын шаруашылықтар дәнді дақылдардың әр гектарынан орташа 22 центнерден жоғары өнім жинаса, тыңайтқыш қолданбаған шаруашылықтар ауа райы қолайлы болғанның өзінде биыл тек 5-7 центнерден өнім алуда.

Жалпы өсімдік шаруашылығы бағытын субсидиялауға 2022 жылға бюджеттен 2 652 млн теңге бөлінді:

– тыңайтқыш құнын субсидиялауға – 153 млн теңге,

– пестицид құнын субсидиялауға – 143 млн теңге,

– тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға – 247 млн  теңге,

– су жеткізу бойынша қызмет құнын субсидиялауға – 24 млн  теңге,

– майлы дақылдарды субсидиялауға – 238 млн  тенге,

– инвестициялық субсидиялауға – 1 846 млн тенге.

– Облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен халыққа бидай, күнбағыс, картоп және көкөніс өнімдерін нарықтағыдан төмен бағамен жеткізу мақсатында төрт жақты меморандум жасақталды. Меморандумға 3 және 5-сыныптағы  бидай жеткізуге 43 шаруашылық, күнбағыс жеткізуге 28 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қол қойды. Схема бойынша азық-түлік бидайы ұн тарту кәсіпорындарына, жемдік бидай құс фабрикалары мен мал бордақылау алаңдарына, күнбағыс дақылы май шығару зауытына тапсырылады. Олардан өндірілген дайын өнім, яғни 1-сұрыпты ұн, макарон, құс жұмыртқасы, тауық және сиыр еті облыс ішінде тұрақтандыру қоры және ауыл шаруашылығының жәрмеңкелері арқылы арзан бағамен сатылды. Орташа есеппен резервтік қорға 13,8 мың тонна бидай, 3,5 мың тонна күнбағыс тұқымы тапсырылмақ. Бүгінде «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ мемлекеттік қорға 3-сыныпты азық-түлік бидайын сатып алу бағасын тоннасына 125 мың теңге деп белгіле­ді. Осыған орай, 3-сыныпты азық-түлік бидайының сатып алу бағасын тоннасына, ҚҚС-ны қоса есептегенде, 106 мың теңге, ҚҚС-сыз 100 мың теңге шамасында белгіленді. Ал 5-сыныпты жем­дік бидайдың құнын тоннасына, ҚҚС-ны қоса есептегенде, 90 мың теңге, ҚҚС-сыз 85 мың теңге деп белгілеуді ұсынамын. Сондай-ақ картоп және көкөніс өнімдеріне бағаны тұрақтандыру мақсатында көкөніс өсіруші 31 шаруашылықпен (кар­топ) меморандум жасалды. Олар өндірген картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат облыс ішінде тұрақтандыру қоры және облыс пен аудандық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері арқылы сатылды. Шаруашылықтар өздерінің картоп және көкөніс өнімдерінің 15% көлемін қоймаларында сақтап, қажет жағдайда сол уақыттағы нарықтағы бағадан 15% төмен бағамен ұсынуы тиіс. Орташа есеппен резервтік қорға 3500 тонна картоп, 300 тонна сәбіз, 500 тон­на пияз және 350 тонна қырыққабат тапсырылады. Биыл егін оруға және күзгі далалық жұмысқа 14,2 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді, оның бағасы литріне 195 теңгені құрайды. Дизель отыны аудандардағы жанар-жағармай құю стансаларынан жіберілуде. Бұл өз кезегінде шаруалар үшін үлкен көмек болды деп есептеймін, – деді ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Наурызбай Қадырбайұлы. Жиында «Жаңа Әлем» ШҚ жетекшісі Анатолий Кан, «Baystone» ЖШС-ның құрылтайшысы Станислав Качало, «Асан Аул» ЖШС-ның басшысы Бейбіт Асанов, «Мусаева Д.Р.» ЖК басшысы Рамазан Мусаев өз ұсыныс-пікірлерін айтты. Олардың сұрағына облыс әкімінің бірінші орын­басары Арман Өтеғұлов жауап берді. Өңір жетекшісі Ғали Нәжімеденұлы ауыл шаруашылығы саласын дамыту басты назарда болатынын ай­тып, шаруаларды қолдауға әзір екенін  жеткізді.

2

 

– Облыс бойынша дәнді дақылдардың жиналатын ал­қабы 202 мың гектарды құрайды. Оның ішінде күздік дәнді дақылдар толық жиналды. 53,9 мың га алқаптан 21,2 ц/га орташа өнімділікпен 114 мың тонна астық алынды. Қазіргі уақытта жаздық дәнді дақылдардың алқабын ору аяқтала келді, бұл бағыттағы орташа өнімділік – 14,1 ц/га. Бүгінгі таңда дәнді дақылдар бойынша барлығы 295,5 мың тонна астық жиналды. Бұл көрсеткіш 2021 жылдан 129,9 мың тоннаға артық. Қазіргі уақытта шаруашылықтар майлы дақылдардан сафлор жинауға кірісті. Күнбағыс дақылы қыркүйектің аяғы және қазан айларында жиналады. Картоп пен бақша өнімдері жиналуда. Аудан әкімдері егіс алқаптары мен олардан алынған өнім көлемі, дақылдардың өнімділігі туралы ақпаратты статистика департаментіне уақтылы және сапалы тапсырылуын қадағаласын. Агроөнеркәсіп кешені азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және өндірісті шикізатпен қамтитын негізгі сала болғандықтан, резервтік қорға азық-түліктік және жемдік бидайды тапсыруды ұйымдастырсын. Тыңайтқышты пайдаланатын шаруашылықтар мол өнім алып, нақты нәтиже көрсетуде. Сондықтан озық технологияларды және тыңайтқышты жүйелі пайдаланатын тауар өндірушілерге демеуқаржы бөлуге басымдық береміз. Биыл дәнді дақылдар алқабынан 300 мың тонна өнім аламыз деп жоспарлап отырмыз. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда 80%-ға көп. Бұл – өте жақсы нәтиже. Көкөніс қоймаларын көбейтуге де көңіл бөлеміз, – деді Ғали Есқалиев.

Нұртай Текебаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале