13.05.2025, 11:45
Оқылды: 167

Көктемгі дала жұмыстары: 385 млрд теңге сомасына АШТӨ қаржыландырылды

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында көктемгі дала жұмыстарын (КДЖ) қаржыландыру туралы баяндады.

d69d0df8-2b4d-432c-bd12-7f0302fcd720

Сурет: telegram.org

Ол қаржыландырудың ерте басталуының арқасында фермерлер негізгі ресурстар – тұқым, тыңайтқыш, ЖЖМ, техниканы тиімді бағамен алдын ала сатып алғанын атап өтті.

Бүгінгі таңда КДЖ қаржыландыруға 480,6 млрд теңге сомасына 7 мың өтінім келіп түсті, 385 млрд теңге сомасына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер (АШТӨ) қаржыландырылды.

Жеңілдетілген қаржыландыруға 8 әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация қатысуда, оларға фермерлерді қаржыландыру үшін 131,1 млрд теңге бөлінді. Кепіл жеткіліксіздігі мәселесін шешу үшін қарыз сомасының 85% мөлшерінде кепілдік беру бағдарламасын іске асыру жалғасуда. Осы жылы жалпы кепілдік сомасы 135,2 млрд теңгеге 943 кепілдік берілді. Қарыздардың жалпы сомасы 159 млрд теңгені құрады.
«Жылдық 5% сыйақы мөлшерлемесі бойынша 200 млрд теңге сомасына жеңілдетілген лизинг бағдарламасы отандық өндірістің 6 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға мүмкіндік беретін болады. Бүгінгі күні 120 млрд теңгеге 3,2 мың өтінім келіп түсті. Форвардтық сатып алу шеңберінде Азық-түлік келісім шарт корпорациясына 17,7 млрд теңге сомасына АШТӨ-ден 191 өтінім келіп түсті», — деп толықтырды Айдарбек Сапаров.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале