Үкімет отырысында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев шаруаларды арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты баяндады.
Фото: t.me/KZgovernment
Энергетика министрлігінің басшысы жыл басында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 340,3 мың тонна дизель отынын жеткізу кестесі бекітілгенін хабарлады. Бұл ретте баға 2023 жылдың деңгейінде барлық 20 өңірде – ҚҚС-пен 250 теңге/литр қалды. Бұл бөлшек саудадан 15%-ға немесе 45 теңге/литрге төмен.
Егіс науқаны кезінде дизель отынының қозғалысын бақылау мен ашықтықты қамтамасыз ету үшін бірқатар шаралар қабылданды. Олардың қатарында:
- Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден дизель отыны үшін жеке ПИН-кодтар алу;
- Дизель отынын сары, көк және қызыл түске бояу;
- Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер операторларының ЭШФ АЖ жүйесінде АШТӨ дизель отыны үшін жеке виртуалды қойма құруы.
«Ақпан-наурыз айларында 50,1 мың тоннаның 27 мың тоннасы немесе 55%-ы жөнелтілді. Бұл ретте ауыл шаруашылығы министрлігіне 35,8 мың тонна дизель отынын қосымша жеткізуге өтінім жолданды. Іріктеу фактісінің 55%-дан аспайтынын және 2023 жылғы күзгі дала жұмыстары қалдықтарын ескере отырып, ЭМ-гі АШМ-мен бірлесіп ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынын тиеп-жөнелтудің оңтайлы кестесін айқындайды. Ол бірінші кезекте ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне бағытталған және тұрақты бақылауда», — деді министр.