Көктемгі күн сәулесі адамның көру қабілетіне қауіп төндіруі мүмкін. Бұл жөнінде офтальмолог Виктория Баласанян ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: pixabay.com
Оның айтуынша, көктемде "қараңғы бөлмеде кенет жарық қосу" әсері байқалады, ал мұндай кезде күн көздің құрылымын бұзуы мүмкін.
"Қазір күн сәулесінде көгілдір спектрдің үлесі жоғары, бұл біздің көзімізге айтарлықтай әсер етеді", - деп түсіндірді сарапшы Sputnik-ке берген сұхбатында.
Маман ДДСҰ деректерін келтірген: ультракүлгін сәулелену катаракта мен адамның жасына байланысты пайда болатын макулярлы дегенерацияның негізгі себептерінің бірі саналады екен.
Виктория Баласанян көктемде күн сәулесі астында қорғаныссыз бір сағат жүру қасаң қабақтың күйіп қалуына әкеп соғатынын да ескертті.
Офтальмолог 40 жасқа дейін күн сәулесі астында көзілдіріксіз жүру катаракта ауруына әкеп соғатынын айтты. Маман көзіңізді қорғау үшін ультракүлгін қорғанышы бар көзілдірік таңдап, жиегі кең баскиім киюді ұсынды.