10.09.2024, 11:15
Оқылды: 144

Көктемгі су тасқыны: Елімізде 7 463 отбасы жаңа қонысқа көшті

Мемлекет басшысы Премьер-Министрді қабылдады. Бұл жөнінде Ақордадан хабарлады.

B364855E-63FC-4B65-8A2D-142FEC7D527E

Олжас Бектенов:

Eліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, егін орағы және су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндады:

– биыл өңдеу өнеркәсібі және құрылыс саласы экономикалық дамудың негізгі факторына айналды;

– Ауылшаруашылығында да айтарлықтай өсім бар. Еліміздегі негізгі дәнді дақылдар алқабының 4,5 миллион гектарға жуығы немесе 27 пайызы жиналған;

– орта есеппен бір гектардан 15 центнер өнім алынып отыр. Шамамен 6,6 миллион тонна астық бастырылды. Бұл былтырғы көрсеткіштен 40 пайызға артық;

– шаруашылықтарға арзандатылған дизель отынын жеткізу кестеге сай жүргізіліп жатыр. 

Cу тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамту жөнінде мәлімет берді:

– бүгінге дейін 7 463 отбасы жаңа қонысқа көшті;

– 479 баспананың құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар 9 171 отбасына жөндеу жұмыстары үшін өтемақы төленді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы жүргізіліп жатқан жұмыстың маңызын атап өтіп, елімізді одан әрі әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале