12.02.2025, 12:30
Оқылды: 204

ҚОЛА! Шаңғы жарысы: ерлер құрамасы Азия ойындарында үздік үштікті түйіндеді

Бүгін IX қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысы командалық эстафетамен аяқталды, деп жазады Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі.

234fb342225da0f6a9b13d4e3aa23c68_1280x720

Сурет: egov.kz
Қазақстан ерлер құрамасы (4×7.5 км) мәреге үшінші келіп, қола жүлдеге ие болды.

Жарыс жолына Константин Борцов, Наиль Башмаков (классикалық әдіс), Олжас Климин мен Владислав Коволёв (еркін әдіс) шықты. Мұнда барлығы 9 елдің құрамасы жүлдеге таласты.

Жарыс қожайыны Қытай чемпион атанса, күміс Жапония шаңғышыларында.

Айта кетейік, шаңғы жарысынан Харбин-2025 бәсекесінде Қазақстан 4 жүлде қол жеткізді. Осыған дейін жекелей сында Константин Борцов күміс, Олжас Климин қола олжаласа, әйелдер командасы бағана эстафетада күміске қол жеткізді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале