14.01.2021, 16:58
Оқылды: 16

Қоламен көмкерілген қыздар

Қаңтардың 6-12-сі аралығында Щучинск қаласында өткен баскетболдан әйелдер арасындағы ҚР қысқы чемпионатында батысқазақстандық қос команда қола жүлдеге ие болды.

 Қоламен көмкерілген қыздар

Баскетболдан облыстың аға жаттықтырушысы Елдос Берғалиевтің айтуынша, ел чемпионаты жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Жарыста еліміз бойынша 2004-2007 жылы туған қыздардан құралған командалар бақ сынапты. Батысқазақстандық командадан Ақбота Шаяхметова, Томирис Тұрлан, Айсенім Шадғали, Аяулым Мұратова, Жәмиля Ғұмарова, Ксения Дорошенколар жақсы ойын өрнегін көрсеткен. Чемпионат кезінде Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларынан келген командалармен ойын тартысты өтіпті. Ал 2006-2007 жылғылар бойынша «Үздік ойыншы» аталымына батысқазақстандық құрама команданың ойыншысы Мария Водопьянова ие болған.

Елдос Берғалиевтің мәліметінше, бұл жас аралығындағы құрама команданың қыздары да осал емес көрінеді. Волейболшылардың дені Орал  қалалық  жалпы орта білім беретін №1, №25, №26 мектептердің оқушылары мен Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің және жоғары аграрлық-техникалық колледжінің студенттері.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале