10.06.2021, 23:28
Оқылды: 58

Қолға алып домбырасын сол бір ақын...

Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының фейсбук парақшасында Шәки Қайырғалиев туралы жарияланған шағын ақпаратты көзім шалып қалғаны бар. Ойды ой түртеді. Айрықша қабілет пен қасиет иесі, жақсы аға туралы шуақты ойлар менің де есіме түскені. Шәкиді бала жастан білемін. 1966-67 жылдары біз Жаңақазан ауылында тұрдық. Кеңестік заман ғой, онда ауылды «Новая Казанка» деп орысша атайтын. Бұрын Жаңақала ауданының орталығы болған, қазақша да, орысша да он жылдық білім беретін мектептері, мектеп жанында шалғай ауылдардан келгендерді жатқызып оқытатын жатақханалары бар үлкен ауыл. С.Киров атындағы орта мектептің үшінші-төртінші сыныбында оқыдым. Апам Ақұлыш пен ағам Аманжол Ғұбайдуллиндер де онжылдықты сол Новая-Казанка ауылынан 1967 жылы қатар бітірді.

000

Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 11 маусымдағы №47 санындағы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Аманкелді Шахиннің «Қолға алып домбырасын сол бір ақын...» атты мақаласын оқыңыз, оқырман!

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале