Батысқазақстандық оқушылар Дубайда өткен халықаралық турнирден жеңіспен оралды
1 Сәуір 2023

Батысқазақстандық оқушылар Дубайда өткен халықаралық турнирден жеңіспен оралды

«Ақжауын» телехикаясы «Nauryz» ұлттық байқауының «Үздік драмалық сериал» аталымында жеңіске жетті
31 Наурыз 2023

«Ақжауын» телехикаясы «Nauryz» ұлттық байқауының «Үздік драмалық сериал» аталымында жеңіске жетті

30 Наурыз 2023

"Ақжайық" футбол командасы кезекті жеңісіне қол жеткізді

Киік популяциясын реттеу мәселесі талқылануда
30 Наурыз 2023

Киік популяциясын реттеу мәселесі талқылануда

Жыр болған жол
29 Наурыз 2023

Жыр болған жол

Президент: «Мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана жәрдем береді»
29 Наурыз 2023

Президент: «Мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана жәрдем береді»

Көлік алу бағдарламасына қатысып жатқандардың өтінімдері қай жағдайда қабылданбайды

Көлік алуға жеңілдікпен несие беру бағдарламасына қатысып жатқан адамдарың өтінімдері үш жағдайда қабылданбайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

IMG-20230201-WA0013

«Өтінімді тексеруге тиісті уақыт керек болады. Осыдан кейін сайттағы «жеке кабинетте» өтінім мақұлданып, бағдарламаға қатысатындар пулына адамның қосылғаны туралы хабарлама келеді. Сонымен қатар, адамдарың өтінімдері үш себеп бойынша қабылданбауы мүмкін. Біріншіден, осыған дейін бағдарлама аясында несие алса, бұл адамның өтінімі қабылданбайды. Екіншіден, платформада осы адамның өтінімі бұған дейін енгізіліп, қарастыру кезеңінен өтіп жатса, жаңа өтінімді қосу мүмкіндігі болмайды. Үшіншіден, бағдарламаға қатысып жатқан банкте қаражат лимиті таусылса, өтінім қабылданбайды», - деді «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Гаппаров.

Осы орайда ол бір адам екі жылда бір рет жеңілдетілген несиені ала алатынын айтты.

Р. Гаппаровтың сөзіне қарағанда, автокөлік пен несиені берудің толық рәсімін 60 күннің ішінде аяқтау керек.

«Осы рәсімнен аталған мерзімде өте алмағандар пулдан шығарылып, өтінімді қайтадан беруі керек. Атап айтқанда, өтінімі мақұлданған адамдар төлем шотын алу үшін автосалонға барып, кейін банктегі құжаттарды рәсімдеуі тиіс», - деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биылғы 6 ақпанда «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ («Қазақстанның Даму Банкі» АҚ еншілес ұйымы) көлік алуға жеңілдікпен пайызы төмен несие беру бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау үшін жаңа платформаны іске қосады.

Өтінімдерді қабылдау Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де www.autonesie.kz ресми сайты арқылы жүргізіледі. Осы орайда бұл платформа келесі аптада іске қосылған кезде 761 адам тіркеле алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале