25.07.2023, 17:15
Оқылды: 7

Көлік пен мопед соқтығысып бір адам қаза болды

Бүгін сағат 12:50 шамасында Орал қаласында жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

WhatsApp Image 2023-07-25 at 17.03.10

Махамбет ақын және Көкшетау көшесінің қиылысында Toyota Alphard көлігі мен мопед соқтығысқан.

Мопедті тізігдеген 1961 жылғы Ч. есімді  азамат алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Ал Toyota Alphard көлігін 1988 жылғы Г. есімді жүргізуші басқарған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 бабының 3-інші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале