9.09.2024, 12:30
Оқылды: 76

Көлік полицейлері 63 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады – IIM

Көлік полицейлері жыл басынан бері 63 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

полиция

2024 жылдың 8 айында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 860-тан астам құқық бұзушы жолаушылар пойыздары мен ұшақтардан түсірілді.

Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері 63 098 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Бұл туралы көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев айтты. Сондай-ақ Бақытжан Малыбаев 2824 жылдың 8 айында көлік полицейлері жолаушылар пойыздары мен ұшақтарда әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 862 құқық бұзушыны, оның ішінде 486-сы жолаушылар пойыздарынан, 376-сы әуе көлігінен акт бойынша түсірілгенін жеткізді.

– Мәселен, 5 қыркүйекте Минск–Астана бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін Астана әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері құқық бұзушыны анықтап, ұстады. Ол көрші елдің 22 жастағы азаматы болып шықты. Тексеру барысында аталған азаматтың әуе кемесінің дәретханасында темекі шеккені анықталды. Шетелдік азамат ұшақ бортында темекі өнімдерін тұтынғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 50 АЕК, яғни 184 600 теңге мөлшерінде айыппұл салынды, – деді ол.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале