17.12.2021, 9:20
Оқылды: 34

Көлік сайлы болса, көңіл жайлы!

Орал қаласындағы Салтанат сарайы алаңында тасымалдаушы кәсіпорындар желісін жаңа аутобустармен толықтыру рәсімі өтті. Іс-шараға шаһар әкімі Абат Шыныбеков қатысты.

C6FF2B73-640C-49CE-9E5A-284A8D760F0B

– ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында тағы бір игі іс атқарылды. Өздеріңізге белгілі, қоғамдық көліктердің маңызы қашанда зор. Қалаішілік аутобус қызметінің сапасын арттыру үшін 27 бағытта маршрут, 6 жолаушы тасымалдаушы кәсіпорын жұмыс жасауда. Биыл қоғамдық көліктердің қатарына 60 жаңа көлік қосылды. Жұмысына кіріскелі тұрған су жаңа қоғамдық көліктердің тұрғындарға сапалы қызмет көрсететініне сенемін. Жаңа көлік жолаушыға да, жүргізушіге де жайлылық сыйлайды. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады, – дей келе Абат Абайұлы жаңа аутобустардың кілтін тәжірибелі жүргізушілерге табыстады.

937E1498-623E-41AA-95D9-652B48EDC9DF

Орал шаһарындағы жолаушылар көлігі қала ішіне, саяжайларға, жуық маңдағы ауыл-аймақтарға қатынайды. Қазіргі таңда тұрақты түрде 300-ден астам қоғамдық көлік қала тұрғындарына қызмет көрсетуге шығады. Өңірімізде аутобус аялдамалары мен тұрағын жаңарту, қоғамдық көліктердің тиімділігін арттыру мақсатындағы жұмыстар жүргізіліп келеді.

– Біз жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында Қазақстанда құрастырылған орта класты «Вектор Некст» ныспылы және үлкен класты «ЛИАЗ» ныспылы 25 жаңа аутобус сатып алдық. 15 аутобус «БҚО IIД – Кузнечная көшесі» бағытындағы №43, 10 аутобус «Жұлдыз шағынауданы – Медколледж» бағытындағы №5 қоғамдық көлік ретінде қызмет көрсететін болады. Көліктерде жолаушыларға жайлылық сыйлау үшін барлық жағдай жасалған. Мүгедектердің еркін мініп-түсуіне арналған құрылғылар да бар. Бізге қала әкімдігі үлкен қолдау көрсетті. Бір уақытта 110 адамды тасымалдауға мүмкіндігі бар «ЛИАЗ» аутобусы 61 млн теңге тұрады. Ал «Вектор Некст» аутобусының құны 26 млн 250 мың теңгені құрайды. Оған 72 адам сияды. Болашақта жолақы қымбаттамайды, – деді «Орал-аутотранс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Қайрат Ысқақов.  

Өз кезегінде көлік тасымалы саласының ардагері Александр Петров та бұл сәтті көптен күткенін, қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасы жылдан-жылға артып келе жатқанын айтты.

Қаламыздағы қоғамдық кө-ліктерде электрондық билет жүйесін енгізу мақсатында қала әкімдігі, «Смарт қала» жауапкершілігі шектеулі се-ріктестігі және Орал қаласының тасымалдаушылары арасында үш жақты меморандум жасалған болатын. Маусым айынан бастап қала тұрғындары СМС төлем және QR-код төлем енгізу жүйесі арқылы, сонымен қатар валидатордың көмегімен жолақысын төлеп жүр.

Марлен Ғилымхан,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале