20.09.2023, 9:30
Оқылды: 60

Көлік салығын жою бензин бағасын көтерудің амалы емес пе – министр жауабы

Көлік салығын арттыру арқылы бензиннің бағасын көтеру көзделіп отырған жоқ па? Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровқа осындай сұрақ қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

E7FC80F5-DCA6-4D45-AA18-5D627C9D1959

Сурет: elements.envato.com

«Салықты қысқарту туралы айтсақ, мәселе әлі талқыланып жатыр. Айта кету керек, бұл мәселе қоғам тарапынан, көлігі бар, бірақ оны пайдаланбайтын адамдардан түскен. Олар көлігін жиі қолданбайтындықтан, салық төлегісі келмейді.

Ал бензин мен дизель акцизін көтерудің салықты қысқартумен байланысына келсек, бір-бірімен қатысы жоқ мәселелер. Біз акциз бағасын көлік салығын құрту үшін көтеріп жатқан жоқпыз. Акциз онсыз да көтерілу керек болған. Еуразиялық эклономикалық одақ елдерінің жанармай нарығымен біздің нарықты теңестіру үшен қажет бұл», - деген министр көрші нарықтардағы баға айырмашылығына тоқталды.

«Мысалы, шекаралас Ресей мен Қырғызстандағы нарықпен айырмашылық 50 пайыздай. Сондықтан біздің жанармай мен бензин құны сыртқа шығарылып жатыр. Осыдан бізде тапшылық пайда болады», - деді Әлібек Қуантыров.

Оның айтуынша, көлік салығы бойынша жеңілдік алған азаматтар бензинді бұрынғыдай жеңілдетілген бағамен сатып алмайтын болады.

«Бізде бензин акцизі жыл сайын біртіндеп 15-20 теңгеге көтеріліп келеді. Қандай жағдайда да 2024-2025 жылдары бұл акциз артады», - деді министр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале