1.03.2017, 16:41
Оқылды: 56

Көлік тонағандар ұсталды

Орал қаласындағы Урдинская  көшесінің  бойындағы үйдің ауласында тұрған «Ауди» маркалы автокөлігін тонаған ұрылар ұсталды. Оңай олжа таппақ болғандар 1995, 1997 жылдары туған Орал қаласының тұрғындары болып шықты. Бұл топтың тағы бірнеше қылмысқа қатысы бары анықталды.


Екі жігіт У.Громова көшесіндегі үйдің ауласында тұрған «ВАЗ 2112» автокөлік салонынан колонкасы бар артқы сөресін суырып алған. Көлік иесіне келтірілген шығын 25 мың теңгені құрады. Көлік ішіндегі заттарға көз алартып, оңай олжа таппақшы болған бұл екеуінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша іс қозғалды.

Тергеу бөлімінің тергеушісі полиция аға лейтенанты Амангелді Бисалиевтің сөзіне сүйенсек, тергеу амалдары 10 эпизод бойынша жүргізілуде. Ал тәркіленген заттар көлік иелеріне қайтарылды.

Гүламан Исмагулова,


баспасөз қызметкері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале