Еліміздің ішкі істер министрлігі көлік жүргізушілеріне күн райының бұзылуына байланысты көлігінің доңғалағын қысқы шинаға ауыстыруы керегін ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото дерекөзі: aikyn.kz
«Қыс мезгілі басталғанда көлік қозғалысы ерекше назар аударуды қажет етеді. Оның өз ережелері мен талаптары бар. Мәселен, заңнамаға сәйкес қысқы кезеңде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) көліктерге жазғы доңғалақпен жүруге тыйым салынады. Қысқа арналған шина көлік құралының барлық доңғалағына орнатылуы керек», - деді ҚР ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек аталған ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, көлік жүргізушілері қысқы ауа райын ескере отырып, сапарды алдын ала жоспарлаған жөн.
«Төтенше жағдай қызметінің хабарламасына құлақ асқан абзал. Қолайсыз ауа райы жағдайында жолға шықпауға кеңес беріледі», - дейді ол.