30.01.2023, 12:00
Оқылды: 80

Көлікті мас күйде жүргізу қоғамға қауіпті

2020 жылдан бастап мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілік күшейтілгені өздеріңізге белгілі.

mass2

Фото дереккөзі: ken-zhyloi.kz

Жауапкершіліктің күшеюіне қарамастан, тұрғындар өз қауіпсіздігіне,  басқалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып, мас күйінде көлік жүргізуді жалғастыруда.

2022 жылы қала бойынша 1291 азаматқа қатысты көлікті мас күйде басқарғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, қаралған.

Сондай-ақ, қала аумағында жәбірленушінің денсаулығына немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары, құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттерде орын алды.

Бұған дейін аталған бұзушылық үшін 4 жылға жүргізуші куәлігінен айыру қарастырылған болатын. Енді бұл әрекет үшін 7 жылға көлікті басқару құқығынан айыру және 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жауаптылық көзделген.

Осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін қаламыздың 86 азаматына қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Бұдан басқа, ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден бас тартқаны үшін де жауапкершілік күшейтілді.

2020 жылға дейін құқық бұзушыға 3 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру түріндегі жаза қолданылды.

Қазіргі уақытта бұл құқық бұзушылық үшін 15 тәулік қамауға алу және 8 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру көзделген.

2022 жылы 67 көлік иесі медициналық куәландырудан өтуден бас тартқаны үшін кінәлі деп танылып, жауаптылыққа тартылды.

Сот процесінде өзіне қатысты хаттама толтырылған тұлғалар өмірлік жағдайларын айтып, айыппұл төлеуге дайын екендігін, олардың мамандығы көлік жүргізумен байланысты екенін, басқару құқығынан айыру жұмыссыздыққа әкелетінін айтады.

Қала прокуратурасы «Жол жүрісі туралы» заңымен көлікті мас күйде басқаруға тыйым салынғанын, көлікті мас күйде басқарғаны үшін баламасыз жаза қарастырылғанын түсіндіреді.

Алмагүл Ибрашева,

Орал қаласы прокуратурасының 

бөлім прокуроры       

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале