31.05.2023, 14:30
Оқылды: 46

Колледж студенттері саяси құрбандарға тағзым етті

Бүгін Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған «Зұлмат жылдар зобалаңы» шарасы өтті.

IMG-20230531-WA0156

Салтанатты шара құрбандарды бір минуттық үніздікпен еске алудан басталды. Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледждің директоры Алтынгүл Қайырлиева өз сөзінде бұл күннің тарихи мәні мен келер ұрпақ үшін маңыздылығына тоқталды.

IMG-20230531-WA0166

Шараға қонақ ретінде БҚО Қазақстан халықтары ассамблеясы төрағасының орынбасары, «ВАЙНАХ» шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Данильбек Саратов, Орал қалалық мәслихатының депутаты Нұргүл Ашикова, Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының директоры Талшынай Жүнісова және Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары
Алтын Байгутова қатысты.

IMG-20230531-WA0164

Еске алу шарасы жазықсыз құрбан болған арыстар мен батырлардың рухына арналған колледж студенттерінің жырларымен жалғасты. Шара соңында жиналғандар құрбандарға тағзым етіп, Ж.Досмұхамедов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

IMG-20230531-WA0160

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале