7.08.2024, 15:15
Оқылды: 197

Колледжге құжатты eGov.kz арқылы тапсыруға болады

Талапкерлер назарына!

F9177083-C1AA-4FE9-B24F-0D40E2F68F32

Сурет: pixabay.com

Талапкерлер колледжге құжаттарын eGov.kz порталы арқылы тапсыра алады. Бір талапкер 4 түрлі колледжге 4 мамандыққа дейін таңдау мүмкіндігімен бір ғана өтінім бере алады. Құжат қабылдау уақыты 25 тамызға дейін жалғасады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің сайтында жарияланған.

– Құжат тапсыру кезінде порталды қолданушы оқу тілін және өңірді таңдай алады. Порталда аутоматты түрде абитуриенттің білімі, бағалары және оның сертификатының жалпы бағасы туралы ақпарат шығарылады. Азаматтардың жеңілдігі бар жекелеген санаттары үшін (І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және тағы басқа) жүйе оның мәртебесі туралы қосымша ақпаратты көрсетеді, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар өтінімнің мәртебесін бақылап отыру және қажет болған жағдайда оны кері қайтарып алу мүмкіндігі қарастырылған. Айта кетейік, бір абитуриент төрт колледжде төрт түрлі мамандықты таңдай отырып, бір ғана өтінім бере алады.

Талапкер өтінімді беру үшін eGov.kz порталына кіріп, «Білім» бөліміндегі «Колледждер» санатын таңдауға тиіс. Колледждерге құжаттар қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады. Пайдаланушылар eGov.kz. порталында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдауға онлайн-өтінім бере алады.

Өтінім беру үшін талапкер:

• eGov.kz порталына тіркелуі;

• «Білім» бөліміне өтіп,

«Колледждер» санатын таңдауы;

• қызметтер тізімінен

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау»   құжатының қажетті санатын таңдауы;

• барлық қажетті өрістерді толтыруы және файлдарды жүктеуі;

• ЭЦҚ көмегімен қызметке қол қоюы;

• Жеке кабинетте

көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін өтінімді өңдеу туралы хабарламамен танысуы қажет.

Гүлсезім Бияшева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале