4.08.2023, 19:22
Оқылды: 45

Колонияда жазасын өтеп жүріп, Орал тұрғынын алдаған азамат анықталды

29 маусым күні белгісіз адам 54 жастағы А. есімді азаматтың WhatsApp желісіне қызы басқа нөмірден хат жазып жатқандығы жайлы және лимиттік карталарда қарыздары барын хабарлаған. Осылайша ол жәбірленушінің банктік картасының деректерін алып, 477 мың теңгені иемденіп алған. Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметі хабарлайды.

11968212_0_0_2001_1125_1920x0_80_0_0_6a0e9f9e2f078b0e4e9c9216f6c06383

Суреттің дереккөзі: sputnik.kz

БҚО киберполицейлері облыстық ҚАЖД қызметкерлерімен бірлесіп, қазіргі уақытта алаяқтық жасағаны үшін бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан 26 жастағы М. есімді азаматты әшкереледі.

Одан телефон мен екі SIM-карта табылды. Күдікті мойындау көрсетпелерін беріп, заттай дәлелдемелер тәркіленді.

ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

ҚАЖД қазір тыйым салынған заттарды өткізу арналарын анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады. Сонымен қатар мекемелер ішіндегі ұялы телефондарды тәркілеу, ұялы байланыс арқылы арнайы контингент жасаған қылмыстарды ашу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале