3.01.2025, 17:45
Оқылды: 41

Қолымыздан келетін қолдау - отбасындағы және ел арасындағы тыныштық

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жан жақты тоқталып өз пікірін,жоспарын айтқан екен. Президент елдің мәселесіне талдау жасап бәрімен хабардар екенін көріп біз қуанып отырмыз.

8fe745d3-44a6-43b5-ab20-d499f0547ffd

Соңғы уақытта өзге мемлекеттердің президенттерімен жиі кездесіп Қазақстанның үлкен сыртқы мәселелеріне, ішкі сауда нарықты нығайтуға тынымсыз жұмыстанып жатырғанын байқап жүрдік , халықтың да ой пікіріне уақыты болама екен деген сұрақтар халық арасында туындап жүр еді,міне көзіміз жетіп көңіліміз тынышталды. Президент ішкі мәселемен және сыртқы мәселеге одан бөлек елдің татулығына және мемлекеттердің достық ара қатынасына тікелей жұмыстанып жатыр. Іске сәт. Алла жар болсын. Бізде  ел болып қолдау жасауымыз керек.

Қолымыздан келетін қолдау - отбасындағы тыныштық пен ел арасындағы тыныштық. Жаңа жыл құтты жыл болғай. Қазақстанымыз гүлдене берсін.

Арман Биғалиев,

Батыс Қазақстан облысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале