Былтыр мемлекет әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 21 мыңға жуық пәтер сатып алды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

- Тұрғындарға, әсіресе әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтарға баспананың қолжетімді болуы – тұрмыс сапасының жақсарғанын білдіретін негізгі көрсеткіш. Былтыр мемлекет осы санаттағы адамдар үшін 21 мыңға жуық пәтер сатып алды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтайда.
Президент келтірген дерекке сүйенсек, соңғы екі жылда бірқатар қалада (Семей, Тараз, Кентау, Орал) ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған заманауи оңалту орталықтары бой көтерді.
- 2026 жылдың аяғына дейін Ақтөбеде, Атырауда, Көкшетауда, Шымкентте және Талдықорғанда дәл осындай орталықтар ашу қажет, - дейді Мемлекет басшысы.
Дереккөз: ҚазАқпарат