17.11.2022, 9:45
Оқылды: 54

Қонақүйден ер адам мүрдесі табылды

Кеше сағат таңғы 08:10 уақыт шамасында Абай Пб-ға қаладағы қонақүйлердің бірінде ер адамның көз жұмғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орында жедел-тергеу тобы барып, қонақ үйдегі бөлмелердің бірінен 35 жастағы азаматтың мүрдесін анықтады.

5c25a45846ca2

Фото дереккөзі: den-der.kz

Аталған бөлмеде жәбірленушіден бөлек 1994 жылғы азаматша да болды және ол осы ауыр қылмысқа қатыстылығын мойындады. Оқиға бойынша тексеру амалдары жүргізіліп, күдікті мойындау айғақтарын берді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99 бабы 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті Орал қ.ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазіргі уақытта материалды толық жинауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.

Іс бойынша сот сараптамалары кешенінің нәтижелеріне сәйкес заңды процестік шешім қабылданатын болады.

ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігінің санкциясына сәйкес кісі өлтіру, яғни басқа адамға заңсыз қасақана өлім келтіру, –сегіз жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.

БҚО полиция басқармасының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале