Қонқабаев пен Уордтың жекпе-жегі 12 раундқа есептелген, бірақ Қамшыбек мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Алматыда өткен MTK Kazakhstan бокс кешінде қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев британдық Стивен Уордпен жұдырық түйісті.
Крузервейт категориясындағы жекпе-жек бәсіне WBA Gold титулы тігілді, деп жазады Sports.kz.
Қонқабаев пен Уордтың жекпе-жегі 12 раундқа есептелген, бірақ Қамшыбек мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Жетінші раундта төреші британдықтардың қатты жарақат алуына байланысты жекпе-жекті тоқтатты. Бесінші раундта Уордтың нокдауны тіркелген еді.
Осылайша, Қонқабаев профи-рингтегі төртінші айқаста жеңіске жеңіп, WBA Gold белбеуінің иегері атанды, ал Стивен Уорд үшін бұл мансабындағы екінші жеңіліс болды.
Дереккөз: zakon.kz