Конституция күні халыққа қызмет көрсету орталықтары, сонымен қатар, мамандандырылған орталықтар жұмыс істемейді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ-тың баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, 31 тамызда кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар қызмет көрсетеді.
Жұмыс уақыты 9:00-ден 13:00-ге дейін.
Дүйсенбі, 2 қыркүйектен бастап орталықтар азаматтарды әдеттегі кестеге сәйкес 9:00-ден 18:00-ге аралығында, кезекші ХҚКО-лар 20:00-ге дейін қабылдайды.
Ал мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 18:00-ге дейін, сенбі күндері кезекші мамандандырылған орталықтар сағат 9:00-13:00 аралығында жұмыс істейтін болады.