Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» Қауымдастығы 30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай «Конституция - жаңа Қазақстанның дамуының негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Аталмыш шара М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің мәжіліс залында өтті. Жиын алдында ҚР әнұраны орындалды.
Жиынға қатысқандар Конституцияға енген өзгерістер туралы ойларын ортаға салды. Жаңа өзгерістер елге қандай мүмкіндіктер береді деген сұраққа жауап іздеді.
Дөңгелек үстелге облысқа танымал азаматтар қатысып, Ата заңның рөлі туралы ойларымен бөлісті.
zhaikpress.kz