6.02.2026, 12:30
Оқылды: 89

Конституцияның жаңа жобасындағы мемлекеттік рәміздердің құқықтық мәртебесі талқыланды

Геральдикалық зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасына арналған дөңгелек үстел өтті.

_gluster_2026_2_6_20e04d3eb8e032e53124edacb3076ea1_1280x720

Жиынға ҚР Ұлттық музейі, Жастар ғылыми-зерттеу орталығы, «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты, Мәдениеттерді жақындастыру орталығының өкілдері, сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ докторанттары мен магистранттары қатысты.

Іс-шара барысында конституциялық реформа, мемлекеттік рәміздердің құқықтық мәртебесі мен олардың виртуалды кеңістікте қорғалуы, сондай-ақ Ата Заң жобасындағы негізгі жаңашылдықтар талқыланды. Сонымен қатар  Конституцияның жаңа мәтінінде азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау жөніндегі норма алғаш рет енгізілгені атап өтілді.

Қатысушылар Конституцияның жаңа жобасын ғылыми тұрғыдан сараптау мен мамандардың пікірлерін жүйелеу елдің болашақ құқықтық негізін қалыптастыру үшін маңызды екенін сөз етті.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале