2.07.2025, 11:15
Оқылды: 128

Консультация түрінде заңсыз микрокаржылық қызмет: заңсыз табыс – 917 млн теңге

ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Орал қаласының
тұрғындарына лицензиясыз микрокаржылық қызмет көрсеткен тұлғалар тобына қатысты тергеу жүргізуде.

Бес жыл бойы күдіктілер «Жылдам ақша» деген атаумен кеңінен тараған филиалдар желісі арқылы азаматтармен жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асатын микроқаржы келісімшарттарын жасаған.

Несиенің пайыздары бөлек шарт арқылы «кеңес беру қызметі» ретінде көрсетілген. Бұл қызметтер күдіктінің туысына тіркелген, олармен байланысы бар ЖШС арқылы рәсімделіп отырған. Қарыз алушылар күнсайын 1,5% төлеуге мәжбүр болған, бұл заңмен белгіленген шекті мөлшерлемеден 0,3% яғни бес есеге артық.
Аталған заңсыз микроқаржы ұйымы арқылы 47 мыңнан астам қарыз жоғары пайызбен берілген. Алдын ала мәлімет бойынша, заңсыз алынған табыс көлемі 917 млн теңгені құрайды.
Соттың санкциясымен күдіктілердің мүлкіне – өндірістік коммерциялық нысан мен бір пәтерге – тыйым салынды.

 

Ернар Тайжан,

ҚР ҚМА ресми өкілі
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале